Республикалық ғылыми жобалар байқауы мәреге жетті
2019 жылдың 13-16 ақпаны аралығында Алматы қаласында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы өтті.
Республикалық байқаудың ашылуы республикамыздың түкпір – түкпірінен келген қатысушыларымызға арналған концерттен басталды. Қазақстан Республикасының Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева өз құттықтау сөзінде оқушыларға сәттілік тілеп, байқаудың өту барысына тоқталып өтті. Салтанатты ашылудан кейін қатысушылар Алматы оқушылар сарайын тамашалап қайтты. Бағдарлама бойынша екінші күні біз, жетекшілері, оқушылармен қаланың көрнекті жерлеріне саяхат жасап, қатысушылардың рухани талпыныстарын қанаттандырып оларды қуанышқа бөледік. Ал, үшінші күні Алматы қаласының И.В. Панфилов атындағы мамандандырылған Қазақстан – Ресей мектеп-лицейі бізді қарсы алып, концерттік бағдарлама тамашалатып, И.В.Панфилов атындағы мұражайдағы жәдігерлерді көрсетіп, мектеп базасына экскурсия жүргізіп, аталған мектептің 10-сынып оқушылары мектеп маңындағы «Арбат» алаңына саяхат жүргізіп, Солтүстік Қазақстан командасымен таныстықпен жалғасын тапты.
Аталмыш конкурсқа Солтүстік Қазақстан облысының намысын қорғауға облысымыздың дарынды оқушылары қатысып келді. «Дарын» републикалық ғылыми – практикалық орталығының ұйымдастыруымен жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін ғылыми жобалар байқауына біздің Қазақ мектеп– гимназиясының 10 «Б» сынып оқушылары Сандыбай Жазира, Тутуева Алина қатысып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталса, 11 «А» сынып оқушысы Ережепова Ақтолқын қатысушы сертификатына ие болды. Оқушыларымызды жеңістерімен Құттықтаймыз!!!
Заманауи әлемде елдің қуаты, ең алдымен, білім мен ғылымда болатын уақытқа келдік. Терең білім – тәуелсіздігіміздің тірегі. Оқушыларымыздың алдарында тұрған негізгі мақсат – терең білім алу, ғылымды дамыту, білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге жуықтату.
Есенгалиева Айгуль Ерболовна
директордың ҒӘЖ орынбасары



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер