Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Өз үлесіңді қос!

2018 жылы 24 желтоқсан күні Солтүстік Қазақстанда «Қызылжар – адалдық алаңы» жобалық кеңсесі өз есігін айқара ашты. Миссиясы - тұрмыстық сыбайлас жемқорлық деңгейін қысқарту, сыбайлас жемқорлыққа қарсы көзқарасты қалыптастыру, азаматтардың мемлекеттік билік институттарына сенімін арттыру болып табылады.
Жоба үш саланы қамтиды: тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдай жасау; қоғамдық бақылауды жүзеге асыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру.
Аталған салалар бірқатар бағыттарды қарастырады. Тұрмыстық сыбайлас жемқорлықты жою және қолайлы жағдайлар жасау мынадай бағыттар бойынша жүзеге асырылатын болады: білім беру; денсаулық сақтау; әлеуметтік қамсыздандыру; сәулет, құрылыс және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары; Мемлекеттік кіріс органдары; сот және құқық қорғау органдары; Бірінші басшылардың дербес жауапкершілігі.
Жобалық кеңсе – кешенді талдау негізінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар қабылдауға бағытталған мемлекеттік органдарды «Қайта жүктейді».
Осыған байланысты, Солтүстік Қазақстан облысының бей-жай емес және жауапты азаматтарын мемлекеттік органдарды трансформациялауына қатысуға шақырамыз.
Ұсынымдарды, проблемалық мәселелерді және кеңестерді sqoalaldyk@gmail.com поштаға жіберулеріңізді немесе 8 (7152) 46-06-81, 46-58-89 нөмірі бойынша хабарласуыңызды сұраймыз.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь