Жаңа жылдық мерекелер қарсаңында мектепте кабинеттер, мектеп фойесі, шағын орталық безендірілді. "Жаңа жылдық көңіл-күй"суреттер байқауы өтті. Мектеп аумағында қар мүсіндер қойылды, мектепке кіру безендірілді . Мектепте жаңа жылдық ертеңгіліктер өтті. Бірінші болып шағын-орталықтың жаңа бүлдіршіндерін қарсы алды, балалар ән шырқады, би биледі, хоровод жүргізді. Келесі бастауыш сынып және мектепалды даярлық сыныбының балалары көңіл көтерді. Мерекеге Мыстан кемпір мен Кикимора кедергі жасады, бірақ Жақсылық жамандықты жеңді. Аяз Ата мен Ақшақар жоғары сынып оқушылары арасында Жаңа жылдық кастинг өткізді. Қазіргі заманғы эстраданың жұлдыздары өздерін сынап көруге келді. Барлық іс-шаралар көңілді, қызықты болды. Дайындық пен өткізуге ата-аналар комитетінің мүшелері қатысты. Мерекелерге оқушылар, ата-аналар, ауыл тұрғындары қатысты.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау