30 қаңтар мен 1 ақпан айының аралығында «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының базасында ҚР Білім және ғылым министрлігі «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығымен 1-7 сынып оқушылары арасында «Зерде» XІV республикалық зерттеулік жұмыстар мен шығармашылық жобалар конкурсы өтті.
Конкурс оқушылардың зияткерлік-шығармашылық қарымын және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын, мектеп жасынан бастап шығармашылық қабілеттерді дамытуға бағытталған. Осы білім додасында біздің гимназия оқушылары жоғары дәрежеде нәтиже көрсетіп, жеңістің тұғырынан көріне білді. Олар 2 «А» сынып оқушылары Глотов Алдияр мен Қожахмет Маулен І орын, жетекшісі Абуева Р. Т. жоба тақырыптары «Қазақ, орыс және ағылшын әдебиетіндегі қиял-ғажайып ертегілердің арасындағы үндестігі» 3 «А» сынып оқушысы Иксатова Ақбота І орын, жетекшісі Сулейменова А. М. жоба тақырыбы «Мектеп сөмкесінің оқушы денсаулығына әсері» Гимназиямызбен қатар облыс намысын қорғап келеген оқушыларымызға шексіз алғысымызды білдіріп, зор денсаулық, білімде алда болып, табыстан-табысқа жетіңдер, ал ұстаздарымызға шәкірттеріңіз әрдайым биік шыңдардан көрініп, еңбектеріңіз ақтала берсін!

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау