2019 жылдың 30 қаңтар күні мектебімізде "Қазақстан - мейірімділік мекені" Республикалық балалар бастамасы аясында " "Мейірім шуағы" атты қайырымдылық акциясы өтті. Акцияға 1-11 сынып оқушылары, мұғалімдер және ата-аналар қатысты. Акция барысында оқушылар жағдайы төмен және көп балалар отбасыларында тәрбиеленетін оқушыларға оқуға қажет құралдар, заттар және киімдер сыйға тарту етілді. Осындай қамқорлық акциялары арқылы балалардың бойында өзгелерге деген жанашырлық, қамқорлық, қайырымдылық, сүйіспеншілік қасиеттерін дамытуға септігін тигізеді.