Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Менің атым – Қожа» атты хикаясы бойынша ашық сабақ


          Қазақ тілі мен әдебиеті онкүндігінің аясында Тоқпанова Сандуғаш Қайыржанқызы      5 «Ә» сыныбында қазақ әдебиетінен
Б. Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» атты хикаясы бойынша ашық сабақ өткізді.
     Сыныпта психологиялық ахуал орнату үшін сабақ басында «Өз-өзіңді таныстыр»  әдісі жүргізіліп, ат қоюдың адам өміріндегі маңыздылығы туралы оқушылардың ойлары тыңдалуы  сәтті болды.  Топқа  бөлу оқушылардың есімдерінің бірінші әріптері арқылы жүзеге асты. «Менің атым –Қожа» бейнежазбаны көрсету  арқылы жаңа сабаққа болжау жасалып, сабақтың мақсаты шығарылды. Мақсатқа жету үшін «Жиксо» стратегиясы, «Елші жіберу», «Әдебиет үйірмесі»   әдістері  қолданылды.
      Сабақ барысында «Шапалақ», «Ең үздік әңгімеші» қалыптастырушы бағалау әдістері жүргізіліп, оқушылар ең үздік әңгімеші бойынша өз пікірлерін білдірді. Сабақ соңында рефлексия парақшалары таратылып,  оқушылардың сабақта «Не қызықты болды, не қиын болды, қандай көңіл-күйде екендігі» жайындағы  пікірлерінен сабақтың қызықты, сәтті  өткендігі байқалды. Пікір иесі: Сураганова А.К.

 

 
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь