Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Толқыны тулаған теңіз» «Жалпылау, Өздік , Сілтеу есімдіктері» атты ашық сабақ

   Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Солардың бірі – қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Садвакасова Майра Удашкеевнаның  6 «Ә» сыныбында өткен «Толқыны тулаған теңіз»  «Жалпылау, Өздік , Сілтеу есімдіктері» атты ашық сабағы. Оқушылар шаттық шеңберін құрып, өз есімдерінің басты әріпіне өзінің бойындағы тамаша бір қасиетін айту арқылы жағымды атмосфера құрды.  Каспий, толқын, жел сөздері арқылы топқа бөлініп, сабақ тақырыбы анықталды. Оқушыларға сабақ мақсаты айтылып, 1-тапсырма «Сәйкестікті анықта» әдісі арқылы жұппен орындалды, 2- тапсырмада оқушылар постер құрып, топтық жұмыс жасаса, 3-тапсырма жеке жұмыс,  «Каспий теңізіне саяхат», «Каспий бойында», «Шомылуға барғанда» тақырыптарында әңгіме немесе эссе жазу ұсынылды. Әр тапсырмалардан кейін қалыптастырушы бағалаудың «Сөйлемді аяқта», «Желкенді қайық», «Бас бармақ» тәрізіді бағалау түрлері жүргізіліп отырды. Сонымен қатар 2-тапсырманы орындау барысында теңіз толқыны дыбысы, 3-тапсырманы орындағанда  тамшы дыбысы саксофонмен жүріп тұрды. Сабақ соңында оқушылар « Эмоция аралы»  әдісі арқылы  кері байланыс  беріп, өздерінің көңіл күйлерін білдірді.

 

 
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь