Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Рухани жаңғыру - басты мақсатымыз


Рухани жаңғыру -  басты мақсатымыз  (Дөңгелек үстел)
    Қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің онкүндігі аясында   қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтай Солтан  8-11 – сынып оқушыларының арасында  «Рухани жаңғыру -  басты мақсатымыз» атты дөңгелек үстел өткізген болатын.
    Мектеп мұражайында өткен бұл іс-шараның мақсаты: Рухани жаңғыруды сипаттау және патриоттық сананы ынталандыратын ұлттық құндылықтарды жаңғырту; Оқушылардың бойында ұлттық сананы ояту, жас ұрпақ санасына, туған халқына, тіліне  деген құрмет, сүйіспеншілік, мақтаныш сезімін ұялату, ұлттық рухты сіңіру. 
Дөңгелек үстел пікірталас, жарыссөз түрінде өтті. Оқушылар үш топ болып, «Қазақ тілінің кешегісі», «Қазақ тілінің бүгіні», «Қазақ тілінің болашағы» жайында өз ойларын постерге түсіріп, үлкен проблемалық мәселелері көтере білді. Оқушылар өз ойларын еркін де жан-жақты қазіргі өмірмен , елбасының «Рухани жаңғыру – болашаққа бағдар » мақаласымен байланыстырып, келелі ойларды қозғай білді. Сонымен қатар:

  1. Ұлттық сана дегеніміз не?
  2. Ұлт жадының тұғырнамасын қалай жасауға болады?
  3. Үштілділіктің кері әсері мен пайдасы?
  4. Ұлттық бірегейлікті ұрпақ бойына сіңіре алдықпа?
  5. Білімнің салтанат құруы дегеніміз не?

деген сұрақтар төңірегінде ой бөлісті.
     Шара соңында 8 «Ә», 8 «В» сынып оқушылары  Богдат Сания мен Альжанов Ақжайық Абайдың «Ғылым таппай мақтан ба»,  Мағжан Жұмабаевтың «Туған жер» өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Алтай Солтан Бекболат Тілеуханның «Елім менің» әнімен  дөңгелек үстел жұмысын аяқтады

 
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь