Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Сөз зергері» интеллектуалды сайыс өтті

Қаңтардың 22 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндіктің өтуіне байланысты А.Қ.Сұрағанова мен К.Ж.Агатаеваның  6 сыныптар арасында «Сөз зергері» интеллектуалды сайыс өтті. Сайыстың мақсаты: Оқушылардың тілге деген қызығушылығын ояту. Мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәдениетін   көтеру.Сөздерді орынды қолдана білудегі білімдерін байқап,   дамыту.
Алдымен, қазылар алқасымен таныстырылды. Сайыс 6 кезеңнен тұрды.
1-кезең: Таныстыру
2-кезең: Бәйге
3-кезең: Зеректік
4-кезең: Шапшаңдық
5-кезең: Тапқыр болсаң, тауып көр
6-кезең: Шешендік
1-кезеңде топтар өздерін таныстырып, ұрандарын айтып кетті. Бұл кезеңде 5 ұпаймен бағаланды.
2-кезеңде 4 топқа 7 сұрақтан қойды. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.
3-кезеңде мақал-мәтел, жұмбақтар, тұрақты тіркестердің бір сөзі түсіріліп оқылды. Сол сөзді тауып, оны 3 тілге аударылу керек. 3 дұрыс жауапқа 30 ұпайдан берілді. Әр топқа 3 тапсырмадан берілді.
4-кезең «Шапшаңдық» деп аталды. Бұл бөлімде сайысқа қатысушыларға «Құрметтеулерінің» деген сөз берілді. Сол сөзден жеке сөздер құрастырып, әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан берілді.
5-кезең «Тапқыр болсаң, тауып көр» деп аталды. Бұл кезеңде сөз тіркестерінің мағынасын ашып, әр дұрыс жауапқа 5 ұпайдан берді.
6-кезең «Шешендік» деп аталды. Бұл кезеңде әр топқа тақырыптар берілді. Топ басшысы осы тақырып бойынша ортаға шығып сөйледі.
Сайыстың соңында әділ-қазылар өздерінің шешімдерін айтып өтті. Оқушылар сайыс барысында белсене қатысып, өз ойларын еркін жеткізді. Оқушыларға сайыс ұнады. 
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Г.Ж.Байтенова

 

 
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь