Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі атты ашық сабақ өтті


   Қаңтардың 24 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндіктің өтуіне байланысты А.Қ.Сұрағанованың 6 «Б» сыныпта қазақ әдебиеті пәнінен «Шығамын тірі болсам адам болып» өлеңі  атты ашық сабағы өтті.Сабақ басында сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Сәлем – сөздің атасы» атты тренинг  өткізді. «Өлең жолдары» әдісі арқылы топқа бөлінді. Топ басшысын таңдады. «Шашу» арқылы үй жұмысы тексерілді. Мұғалім «Ой шақыру» әдісі арқылы оқушыларға сұрақтар қойып, сабақтың тақырыбын шығарды. Кейін сабақтың мақсатымен таныстырды. Мұғалім өлеңді оқып, оның қысқаша шығу тарихын айтып өтті. Әр топқа түрлі тапсырмалар берілді. Яғни, түсіндірмелі сөздікпен жұмыс, өлең құрылысына талдау және де «Балық қаңқасы» әдісі арқылы өлеңнің идеясы мен мазмұнын шығарды.Сонымен қатар, «ПОПС» формуласы арқылы «Кім боламын?»  тақырыбына оқушылар өз ойларын жазып кетті.Қалыптастырушы бағалау ретінде «Бағдаршам», «Шапалақ», «Бас бармақ», «Түйінді сәттер» әдістері орындалды. Сабақ соңында рефлексияға «Бес бармақ» әдісі орындатылып, сабақтың мақсатына жеткендігін атап өтті. Оқушыларға сабақ өте ұнап, рахметтерін жаудыртты.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі С.Қ.Тоқпанова

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь