«Көңілді тапқырлар» сайысы
Қаңтардың 29 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндіктің өтуіне байланысты А.Қ.Сұрағанова 5-сыныптар арасында үлкен үзіліс уақытында «Көңілді тапқырлар» сайысын өткізді.
Сайысқа әр сыныптан 4 оқушыдан қатысты.Әр топқа бірдей төрт тапсырма берілді. 1-тапсырмада оқушылар қиылған суретті құрастырып, желіммен жапсыру болды. Бұл тапсырманы оқушылар тез орындап шықты. Келесі тапсырма осы суретке ат қою болатын. Оқушылар өздерінің ойларын ортаға салып, жақсы деген тақырыптарды таңдап жазды.Үшінші тапсырмада оқушылар сурет бойынша үш сөз тіркестерін тапты. Ал соңғы тапсырмада осы сурет бойынша бес сөйлем жазып шықты.
Оқушылар өз білімдерін салып, белсене қатысты. Ал әр топтың жанкүйерлері өз сыныптарын қошеметтеп, қолдап тұрды. Бұл сайыс барлығына да ұнады.
Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі К.Ж.Агатаева

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер