Бастауыш сынып апталығының ашылу салтанаты
Қаңтардың 29 жұлдызында бастауыш сынып апталығының салтанатты ашылуы өтті. Салтанатты сап түзеуге 1-4 сынып оқушылары қатысты. Сап түзеуде оқушылар апталықтың жоспарымен танысты.Жоспар бойынша: «Ұлы даланың жеті қыры» Тарих күні, «Цифрлы Қазақстан » ІT күні, пәндік олимпиадалар білім күндері болып белгіленді. Салтанатты жиын 1-2 сынып оқушыларының ән шашуына ұласып, оқушылар өнерлерін көрсетті. Бастауыш сынып балғындарына аниматорлардың сабын көпіршіктерімен өнер көрсетуі тосын сый болды.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер