Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Мектепішілік Абай оқуы


Асыл сөзді іздесең,
Абайды оқы ерінбе.
Адамдықты көздесең,
Жаттап тоқы көңілге. -
деп ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров жырлағандай ақын өлеңін жатқа білу - әр оқушыға, әр балаға, қала берді әр қазаққа парыз әрі міндет десем артық болмас. Мектебімізде жыл сайын өтілетін дәстүрлі Абай оқулары «Абай – дара, Абай – дана қазақта» тақырыбында 2019 жылдың 30 қаңтарында 5-10-сынып оқушылары арасында 3 кезең бойынша өтілді. Жауапты мұғалімдер – Токпанова Сандуғаш Қайыржанқызы және Байтенова Гүлім Жақсылыққызы. І кезең «Қуат алдым жырларыңнан, нәр алдым...» номинациясы бойынша ақын өлеңдерін жатқа мәнерлеп оқу сайысы. ІІ кезең «Көңілім әнді ұғады» номинациясы бойынша Абай әндерін орындау. ІІІ кезең «Жүйріктен жүйрік озар жарысқанда» номинациясы бойынша өз шығармашылықтары бойынша жас дарынды ақындар сайысы түрінде өтті. Ойы ұшқыр, сөз қадірін түсінген, бүгінгі жас буынның өнерлеріне әділ баға беретін әділқазылар да өз кезегінде әділ бағаларын берді. Жеңіске жеткен оқушылар қалалық Абай оқуы сайысында тағы бір мәрте сынға түседі.



 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь