Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Зерде» интеллектуалды ойыны

           Мектебімізде  қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің онкүндігі өтіп жатуына байланысты 23 қаңтар күні үлкен қоңырау кезінде 1-кезең бойынша 7-8-сыныптарда және 2-кезең бойынша 5-6-сыныптарда «Зерде» интеллектуалды ойыны ұйымдастырылды. Жауапты мұғалім Байтенова Гүлім Жақсылыққызы болды.  «Зерде» интеллектуалды ойыны 4 бөлімнен тұрды, барлығы 13 сұрақ болды. «Ұшқыр ой» І бөлімінде оқушылар қазақ тілі пәнінен қойылған сұрақтарға тез, жылдам, нақты жауап жазу керек болса, «Құпия сандық» ІІ бөлімінде жұмбақ жасырылып, жұмбақтың шешуін 3 тілде (қазақша, орысша, ағылшынша) жазу керек. Ал «Ойлан, тап» ІІІ бөлімінде ұлы ақын-жазушыларымыздың шығармаларынан үзінділер берілді. Үзіндіні оқып, шығарманың атын және авторын тауып жазу керек болса, «Айшықты сөздер» IV бөлімінде бірнеше тұрақты сөз тіркестері беріліп, оқушылар ойланып, мағынасын жазу керек болды. Бұл ойынға оқушылар белсенді қатысты. Және әр сынып жауаптары бойынша орындарға ие болды.

 
 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь