Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Менің сайгүлігім. Қысқарған сөздер» атты ашық сабақ

      Қаңтардың 25 жұлдызында қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша онкүндіктің өтуіне байланысты Ж.Қ Қасқырбаеваның 5- сыныпта қазақ тілі пәнінен «Менің сайгүлігім. Қысқарған сөздер» атты ашық сабағы өтті. Сабақ басында сыныпта психологиялық ахуал тудыру үшін «Жүректен жүрекке» әдісі арқылы оқушылар бір- біріне жылы лебіздерін білдірді. Суреттер арқылы топқа бөлінді. Мұғалім жұмбақ жасара отырып, сабақтың тақырыбын шығарды. Ең алдымен сабақтың мақсатымен таныстырып, сол мақсатқа жету үшін «Конверттегі сұрақтар», «Әуе шары», «Кім жылдам», «Элективтік тест» әдіс-тәсілдерін қолданды. Қалыптастырушы бағалау ретінде «Оқушылардың шолуы», «Шапалақ», «Бас бармақ» әдістері орындалды. Сабақ соңында рефлексияға «321» әдісі орындатылып, сабақтың мақсатына жеткендігін атап өтті. Және сабаққа белсенді қатысқан оқушыларға тәтті сыйлықтар ұсынылды. Оқушыларға сабақ өте ұнап, рахметтерін жаудыртты.

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь