Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Діни сауаттылық - мектеп формасына қойылатын бірыңғай талап

        23.01.2019ж. Қазақ мектеп-гимназиясында Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 14 қаңтардағы № 26 бұйрығын орындау, деструктивті діни ағымдардың алдын алу, мектепте діни атрибутика үлгілерінде киім киюге тиым салу, қатаң бекітілген мектеп формасын сақтау мақсатында 9 сыныптар арасында «Діни сауаттылық - мектеп формасына қойылатын бірыңғай талап» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәріскер, тарих, құқық және дінтану пәнінің мұғалімі Сураганов А.А. оқушыларға діни білімнен толық хабары болмаған жағдайда бүгінгі күннің індетіне айналған түрлі діни ағымдардың арбауына түсіп кету қаупі жоғарлайтынын ескертіп, «Хиджап, паранжа, қысқа балақты шалбар кию, сақал қою» мәселелерін түсіндіріп, қосымша ақпарат ретінде бейнероликтер көрсетілді. Діндердің таралуы бойынша мәлімет айтылып, бірыңғай мектеп формасы - экстремизмнің алдын алу құралы ретінде қоғамдық қауіпсіздікті орнататындығын баяндап, осы адастырушы діни ағымдар туралы оқушыларға толық мәлімет бере отырып және олардан бойларын аулақ ұстауға кеңес берді.
 

         000

           


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь