21 қаңтар – 1 ақпан аралығында өтетін «Тіл мәртебесі – ел мәртебесі» атты қазақ тілі мен әдебиеті пәндері онкүндігінің ашылу салтанаты
2019 жылдың 21қаңтар күні қазақ тілі мен әдебиеті пәні онкүндігінің ашылу салтанаты болып өтті. Онкүндік белгіленген жоспар бойынша басталды. Мақсаты: қазақ тілі мен әдебиетінің мол мұрасымен кеңінен таныстыру, пәннің маңыздылығын түсіндіру, тілдің мемлекеттік мәртебесін көтеру және оқушыларды тілін, елін сүйе білуге үйретіп, қазақ тілінің қолданылу аясын кеңейтуге үлес қосу. Онкүндікте өткізілетін іс-шараларға 5-11-сынып оқушылары қатысады. Ашылу салтанатында «Тіл мәртебесі» тақырыбында композициялық көрініс көрсетіліп, би, әннен шашу шашылды.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер