Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер

18 қаңтар С. Шаймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс тәсілдер» тақырыбында қазақ тілі мен әдебиеті пән мұғалімдерінің зертхана семинары  өтті. Семинардың мақсаты: қазіргі білім беру жағдайына сәйкес инновациялық амалдар тұрғысында пән мұғалімдерінің кәсіби құзіреттілігін дамыту, оқушыларға сапалы білім беруде олардың пәндік-теориялық, әдістемелік дайындығын күшейту.

Семинардың ашылуы гимназия оқушыларынан ұйымдастырылған «Сафуан ізбасарлары» атты әдеби композициядан басталды. Кейін 8-сынып оқушысы Ашимова Меруерт  «Әдеби travel» бөлімінде  Сафуан кабинетімен таныстырып, жазуышының жеке қорынан жинақталған музейге қойылған кітаптарымен және жеке заттарымен  таныстырды. Семинарға қатысушылар «СОWORKING ZONE» аймағында болып гимназиямызда болып жатқан соңғы жаңалықтармен танысты. Қазақ тілі мен әдебеиеті пәнінен 3 ашық сабақ өтті.  3-сыныпта Баймухамбетова Жұлдызай  Қуандыққызы, 6-сыныпта Кыдыбекова Айгүл Амангелдіқызы, 8-сыныпта Исимбаева Нұргүл Беркутқызы жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқушылардың қызығушылығын арттырудың жоғарғы шегіне жету мақсатында әр түрлі жаңашыл, инновациялық технологияны қолданып өткізілген сабақтары  қатысушылар тарапынан  жоғары бағаға иеленді.

       


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь