Жоғары моральды және іскер, әр түрлі экстремалды жағдайлар сипатындағы мақсаттарды шешетін, Төтенше жағдайлар комитетінің ең үздік офицер кадрлары - бұл Көкшетау техникалық институтының түлектері, азаматтық қорғау саласында жоғары білікті мамандарды дайындайтын Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің жалғыз ведомстволық оқу орыны.
Институт үш мамандық бойынша мамандарды дайындайды – өрт қауіпсіздігі, төтенше жағдайларда қорғау, азаматтық қорғаныстың командалы тактикалық күштері. Келешекте тағы бір жаңа мамандыққа – өртті сөндіру және аппаттық құтқару ісіне курсанттарды қабылдау жоспарлануда.
Институтта оқу, жастар үшін ерекешелікке ие – бұл тегін оқу, тамақтану, тұру, киім-кешек, сонымен қатар шетел Ресей және Беларусь Республикасы ТЖМ бейінді оқу ұйымдарында оқу мүмкіндігі.
Институттағы 4 жыл оқу әскери қызметке теңеледі, оқу орынын бітіргеннен кейін түлектерге арнайы «азаматтық қорғау лейтенанты» немесе әскери «лейтенант» атағы беріледі. Барлық түлектер Төтенше жағдайлар комитетінің аумақтық бөлімшелерінде кепілді жұмыспен қамтылады.
Жыл сайын біздің Астана қаласында ең үздік Институт курсанттары 6-ы жыл қатарынан Қазақстан Республикасы Президенті қолынан өздерінің «азаматтық қорғау лейтенанты» алғашқы погонын алады.
Институт тәрбиеленушілері алдыңғы шекте бола, ұлттық байлықтарды оттан қорғау және Қазақстан Республикасы аумағында, сонымен қатар алыс және жақын шет елдерде табиғи және техногенді сипаттағы төтенше жағдайлардың алдын алу бойынша өз қызметтік борыштарын абыроймен атқаруда.
Оқу аяқталғаннан кейін түлектер дипломдық жұмыс немесе мемлекеттік емтихан тапсырады, содан кейін мемлекеттік дипломмен марапатталады және бакалавр дәрежесі беріледі. Сондай-ақ, дербес тарату және 100% жұмысқа орналастырылады.ҚР ІІМ ТЖК КТИ алған білімі – ТЖК қызметкерлерінің табысты жұмысының сенімді негізі.
Өрт сөндіруші мамандығына қызығушылық танытқандарды, хабардар етеміз: СҚО ТЖД «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» ММ кадр бөліміне немесе Мамлютка қ.№15 өрт сөндіру бөлімінде алдағы жылдың 1 ақпанынан бастап мамыр айының басында құжаттарды қабылдау жұмыстары өткізіледі.
Мамлютка қ. 15-ӨСБ бастығы
азаматтық қорғау капитаны
М.Макридин
2019ж. 21.01
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау