Егер автомобиль өртенсе
Машинадағы өртті аңғару жылдам. Кабинада жанармай мен жанған резина иісін сезуге, капот астынан түтін пайда болуы сияқты белгілер өрт басталғанын аңғартады.
Машина астына төгілген жанармайды зарарсыздандыру барысында өртсөндіргіш пайдаланып, көбік не ұнтақты от таралу аймағы шетінен ортасына қарай шашырату керек. Капот астындағы өрт сөндіру барысында капот шетіне тұрып, оны баяу көтеріңіз. Себебі жылдам көтерген кезде от жалыны үдеуі мүмкін. Өртсөндіргішті көбірек жанып жатқан бөлікке бағыттаңыз, не болмаса, брезентпен қымттап құм, дымқыл топырақ, қармен жауып су төгіңіз. Киіміңіз майланған не қолыңыз жанармай болса өрт сөндіруге кіріспеңіз- бұл өте қауіпті. От жалынын жылдам ауыздықтау мүмкін болмаса жанармай багы жарылуы мүмкін болғандықтан қауіпсіз аймаққа кетіңіз. Машинаға отырып не оны оталдыруға тырыспаңыз. 10 метр айналада ешкім болмауы тиіс.
Өрт сөндірушілерді күту барысында жүргізушілер мен өткіншілер көмегімен қасында тұрған машиналарды шетке қарай итеріңіз. Егер жанып жатқан машина ішінде адам болып есік ашылмай қалса, әйнекті сындырыңыз. Зардап шегушіні алып шығып, жедел жәрдем қызметін шақырыңыз. Оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, алғашқы кездескен машинаға салып жіберіңіз. Машина номерін жаттап не жазып алуды ұмытпаңыз. Өрт салдарын жою барысында жол полициясы қызметкерлеріне хабарласып, болған жағдайды хабарлауды ұмытпаңыз.
Руслан Қазбаев
СҚО ТЖД Мамлют ауданың ТЖ бөлімінің аға инженері
азаматтық қорғау майоры
2019 ж. 21.01
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау