Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Жаңа жыл мерекесі

Қайрат орта мектебінде желтоқсан айының 27-і күні бастауыш сынып оқушылары мен орта буын оқушылары арасында "Жаңа жыл" мерекелік іс-шарасы тойланды. Бастауыш сынып оқушылары арасында ұйымдастырылған іс-шара барысында оқушылар әр түрлі ертегі кейіпкерлері болып киініп, өз өнерлерін көрсетті. Сонымен қатар іс-шара барысында оқушылармен және ата-аналармен ойындар ойнатылды. Балалар Аяз ата мен Ақшақар екеуімен би билеп көңілдері көтерілді. Шара соңында оқушыларға сыйлықтар таратылды. Ал ортаңғы буын оқушылары 3 топ құрап өзара сайысты. Олар: "Жаңа жыл жұлдыздары" тобы, " Қуыршақтар" тобы және "Қонжықтар" тобы. Сайыс бірнше кезеңнен тұрды. Қызықты әрі тартысты өтті. Сайыс қорытындысы бойынша І орынға "Қуыршақтар" тобы, ІІ орынға "Жаңа жыл жұлдыздары" тобы, ІІІ орынға "Қонжықтар" тобы ие болды. Топтар мақтау қағаздарымен және сыйлықтармен марапатталды. Сайыс аяқталғаннан кейін топтарға мерекелік дастархан жайылып, одан кейін би кеші ұйымдастырылды.
Жауапты мұғалімдер: Жакетова Г.Р., Бағдат Е.А.



Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь