Педагог мәртебесі туралы заң жобасына пікір
М.Жұмабаев атындағы ПГК жанындағы жалпы білім беретін мектеп-лицейінің математика пәні мұғалімі Касенова Бикеш Жанузаковна.
Бұл заң менің ойымша өте орынды. Қазіргі таңда мәртебені қорғау үшін әрине заң қажет. Бұл заң іске асу үшін жан-жақты қорғалуы және оны орындалуы керек. Қазіргі таңда педагог мәртебесін көтеретін қоғам. Мектеп қабырғасында біріншіден педагог-өзі, себебі ол білімді, тәрбиелі, саналы, заман талабына сай болуы керек. Екіншіден, оқушы мен ата-ана қолдау көрсететін, баласының сапалы да саналы білім алуын қалайтын болса бұл нұр үстіне нұр. Өкінішке орай осы қолдау қазіргі таңда өз деңгейінде емес екендігін күнделікті мектеп өміріндегі педагог-оқушы-ата-ана арасындағы кикілжіңдерден-ақ көз жеткізуге болады. Қазіргі таңда еліміз дамуда. Сол дамудағы жаңалықтармен бірге мектептің, педагогтың жұмысы молаюда, ал жүктеме азаймай керсінше ұлғаюда, қағаз бастылық күшеюде , шегі жоқ тексерістерден арылтса мұғалімнің шығармашылығына, жан-жақты дамуына, шәкіртімен көп жұмыс жасауына сапалы да саналы ұрпақ тәрбиелеуіне мол мүмкіндік болар еді. Арине осындай жан жақты зиялы қолдау болса педагог мәртебесі шарықтайды деген сенімдемін. «Ұстаздық –ұлы құрмет. Себебі ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді. Өмірге ұрпақ берген аналарды қалай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да солай ардақтауға міндеттіміз»- деп Бауыржан Момышұлының сөзімен өз ойымды аяқтағым келеді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау