Жаңа жыл әлемнің барлық елдерінде қуанышпен атап өтілетін ең сүйікті және жарқын мерекелердің бірі. Жаңа жыл — бұл керемет армандар мен жаңа мақсаттарды байланыстыратын ертегі іспеттес.
28 желтоқсан күні С.Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияда аз қамтылған отбасы балаларына арналған мерекелік іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара мереке қарсаңында балаларға бақытты, қуанышты көңіл-күй мен қуаныш сыйлау мақсатында өткізілді. Қайырымдылық шара өткізу барысында 26 бала қамтылды. Қамқоршылық кеңесінің төрайымы Келдеғұлова Айзат Нүркенқызы балаларды келе жатқан Жаңа Жыл мерекесімен құттықтап, табыстар тіледі. Кеңес мүшелері балаларға тәтті сыйлықтар тарту етті. Мектеп әкімшілігі ұйымдастырушыларға шын жүректен алғыстарын білдірді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау