Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

ЖҚТБ туралы ақпарат

Қарашаның 10-нан желтоқсанның 10 аралығында республикалық ЖҚТБ-мен күрес айлығы жүріп жатыр. ЖҚТБ(спид)  пен АҚТҚ(вич)  жайында біз жиі естиміз, оқимыз, айтамыз. Бірақ дәл осындай қасіретке шалдыққан жандар қалай өмір сүріп жатқанын тіпті ойлағымыз да келмейді. ЖҚТБ – иммундық жүйенің зақымдануы нәтижесінде организмнің қорғану күші әлсіреуінен туған патологиялық күй. Бұл ауруды АҚТҚ — адамның иммундық тапшылық қоздырғышы тудырады. АҚТҚ  аурудың қандай да бір белгілері білінгенге дейін, адам ағзасында жылдар бойы тіршілік ете жүріп, басқа адамдарға да жұғуы мүмкін.  АҚТҚ ең алдымен адам ағзасының қорғаныштық тетіктерін зақымдап, оларды аурулар мен инфекцияларға қарсы тұра алмастай дәрменсіз етеді. Бұндай аурулар мен инфекциялар АҚТҚ жұқтырған аурулар үшін өлім есігін ашады. АҚТҚ иммунитеттің ең маңызды жасушаларын өлтіреді. Бұл өте ақырын жүреді, бара-бара кез келген аурумен иммундық жүйе күресе алмайтын дәрежеге жетеді.

         АҚТҚ 3 жол арқылы адамға жұғады:

  1. Қан арқылы

Қан құйғанда, қан алмастырғанда, адам мүшелерін ауыстырғанда, лас шприц арқылы.

II.Жыныстық

Жыныстық қарым-қатынас арқылы

III. Вертикалды

 Ауру анадан балаға жұғады туғанда, ананың сүті арқылы жұғады.

 Елімізде осы жылдың 10 айы ішінде ЖҚТБ дертіне шалдыққандар адамдар саны 2856-ті құрайды. Осы дерттің алдын алду мақсатында Бексейіт орта мектебінде жыл сайын ЖҚТБ –мен күрес айлығы жүреді. Айлық ішінде әр түрлі тақырыптық сабақтар, спорттық ойындар, сурет байқаулары, шығарма сайысы, тәрбие сағаттары ұйымдастырылады. Ұстаздар , оқушылар және ата-аналар белсене қатысып, өздеріне керекті мәліметтер алады. Қатерлі дерпен ауырмау үшін есірткі және ішімдікті қолданбау және жеке бас гигиенасын сақтау керек екендігін түсінді.

 

Бексейіт орта мектебінің

әлеуметтік ұстазы

Кенжетаев Ж


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь