Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қариялар күні

      Мектебіміздің әкімшілігімен көмек қажет ететін зейнеткерлер мен мүгедек қарттарымызды және зейнет демалысында отырған ұлағатты ұстаздарымызды анықтадық. Айлықтың өту аясында төмендегідей  іс-шаралар жүргізілді: 1-7 сыныптар арасында «Қариясы бар елдің қазынасы бар» тәрбие сағаттары өткізілді.

«Атам, әжем – отбасымның байлығы» атты тақырыпта фотосурет көрмесін 1-4 және 5-7 сыныптар арасында жасалды.

3-4 сыныптар арасында «Мақтанышым әжетайым» атты әжелер мен немерелері арасында сайыс  өте қызық, әрі тартымды өткізілді. Үлкен әжелеріміз өз ақылдарын айтып, өскелен ұрпаққа баталарын берді.  Сайысқа қатысқандары үшін дипломдармен марапатталып, сыйлықтар тараттылды.

«Жас Ұлан» ұйымының оқушылары ардагерлер мен зейнеткерлердің үйлеріне барып көмек көрсетті.

«Қарттар тарих, қазына, ел қазығы» атты тыл еңбеккерлер және зейнеткерлермен кездесу өтті. Кездесуге 10 сынып оқушыларының ата-әжелері Елпанов Амантай Елпанұлы және Омарова Мархаба Бейсенқызы оқушыларға өмір жолдарынан естеліктер, ғибратты әңгімелер айтты. Қарттардың ақыл-кеңестерін тыңдап, оқушылар үлкен әсер алды.

 1 қазан күні «Қарттарын қадірлеген ел ардақты» атты кешке келген ата- әжелерімізге концерттік бағдарлама дайындап, оқушыларымыз мерекелерімен құттықтады. Құттықтаудың соңы ас дастарханымен жалғасты. Мектеп директоры Данияр Қарақанұлы мерекелерімен құттықтап гүл шоқтарымен 5000 көлемінде ақшадай сыйлық берді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь