С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназия 30 қараша Тұңғыш Президент күні мемлекеттік мерекесін атап өтті. Мерекеге ата-аналар комитетінің төрағалары, қамқоршылық кеңесі, ұстаздар ұжымы және оқушылар қатысты.
Іс-шара мемлекеттік Әнұранмен басталып, «Тарих беттерін парақтадым» атты қойылым және оқушылар мен мұғалімдерден құралған «Елбасына арнау» өлеңдері оқылып, ең кішкентай гимназистеріміз тамаша билерімен тәнті етсе, Жайдарманшылар қауымға әдемі күлкі сыйлап, патриоттық «Атамекен» әнімен салтанатты жиын өз мәресіне жетті.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау