1 желтоқсан- Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне «Балдырған» балалар-жасөспірімдер клубында, ұлттық ойындар (тоғызқұмалақ, бес асық, асық ату) түрлерінен жарыс өтті. Жарысқа «Ровесник», «Мұрагер», «Қайсар», «Олимпикс», «Балдырған» клубтарының тәрбиеленушілері қатысты. Мерекелік жарысқа, вокал үйірмесінің қыздары қатысып «Күн сәулелі Қазақстан», «Елбасы», «Чемпиондар әні» деген әндерді орындады. Жарыс нәтижесінде асық атудан «Ровесник» БЖК 1 орын, 2 орын«Балдырған», 3 орын «Мұрагер» БЖК, бес асықтан 1 орын «Балдырған», 2 орын «Ровесник», 3 орын «Олимпикс», тоғызқұмалақтан 1 орын «Балдырған», 2 орын «Ровесник», 3 орын «Мұрагер» БЖК ие болды. Жеңімпаздар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды.
![]()
![]()
![]()
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау