Заң ұстаздар қауымының жүктемесін азайтуға, жөнсіз тексерістер мен міндеттен тыс функциялардан арашалауға тиіс. Осы ретте мектеп мұғалімдері мен ЖОО, колледж оқытушыларын, ата-аналар қауымы мен осы мәселеге қызығушылық танытқан тұлғаларды заң жобаларын талқылауға белсенді қатысуға шақырамыз.
Заң жобасына қатысты ұсыныстарыңыз болса, bilimdiel.project@mail.ru электрондық поштасына жіберуге болады.
Заң жобасы бойынша келіп түскен ұсыныстар https://bilimdinews.kz/?cat=603637987 және ҚР БҒМ ресми сайтында http://edu.gov.kz/ru/deyatelnost/list.php?SECTION_ID=157 орналастырылған.
«Педагог мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының тұжырымдама жобасыhttp://edu.gov.kz/ru/deyatelnost/list.php?SECTION_ID=157
Құрметті мұғалімдер, оқытушылар және қымбатты ата-аналар! Сіздерді «Мұғалім мәртебесі туралы» Заң жобасын талқылау барысында белсенділік танытуларыңызды сұраймыз! Өйткені жаңа Заңның қабылдануы білім беру саласының болашағы үшін өте маңызды.
ҚР БҒМ баспасөз қызметі
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау