Ағымдағы жылдың 21 қарашасы күні « №2 Өрт сөндіру бөлімі», «Ашық есік күнін» өткізген болатын. Осы шараға 11-сыныптың ер балалары барып қатысып келді. Жер бетіндегі ең қауіпті мамандықтардың бірі болып саналатын – өрт сөндіруші қызметі. Ер азаматтарға тән мамандық жүректілік пен батылдықты талап етеді. Күнде өлім мен өмірдің арасында арпалысып жүрген батырлардың құрал-саймандары сақадай сай, дайындықтары жоғары болуы керек. Себебі, бұл іс сәл мүлт кетуді кешірмеуі мүмкін. Егер белгілі бір жерде өрт шыққан жағдайда ең бірінші қоңырау дабылы осы мекемеге түседі. Арнайы тұтқада отырған кезекші диспечер оқиға болған орынды анықтап, жақын маңдағы өрт сөндіру көлігін жіберуге тырысады. Жас жігіттердің көпшілігін әскери қызмет қызықтыратыны белгілі. Олардың қатарында «өрт сөндіруші – құтқарушы» мамандығына қызығушылық танытып жатқандар аз емес. Бұл мамандық ең игілікті деп бекер айтылмаған, себебі өрт сөндіру, адамдарды құтқару нағыз ерлік. Қиын әрі аса қауіпті жұмыс болғанымен, көптеген ер-азаматтар осы мамандықты таңдауда.
Егер мектеп түлегі осы мамандықты таңдаймын десе ,қаламыздың Борки кентінде орналасқан «Солтүстік Қазақстан кәсіптік-педагогикалық колледжіндегі» , «Өрт сөндіруші-құтқарушы» факультетіне немесе Көкшетау қаласында орналасқан «Көкшетау техникалық институтына» түсіп «Өртке қарсы қызмет» лейтенанты атағын алып шығуына болады.
![]()
![]()
![]()
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау