Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Кәсіптік бағдар беру

     
    2018 жылдың 16 қарашасында «Сабит Мұқанов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының қызметкерлерінің» ұйымдастыруымен  дөңгелек стол ұйымдастырылды. Оған «Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің » журналистика кафедрасымен қаламыздың мектеп оқушылары және біздің мектептің 10 «А» - сынып оқушылары қатысқан болатын.«Дөңгелек столда» облысымызға танымал журналистер өз мамандықтарының ерекшеліктері  жөнінде сөз қозғады және қай жерлерде  болашақ маманның еңбек ету мүмкіндіктері: газеттерде, телевизия мен радиода, әдеби қызметкер, тілші,репортер; ақпаратреференті: референт – хатшы, комментатор баспасөз хатшысы, мекеменің  қоғаммен  байланыс қызметкері. Редакцияның бөлім меңгерушісі, жауапты хатшысы боп орналасуға болатынын және басқа мамандықтарға қарағанда журналистердің оқуы тәжірибемен көп ұштастырылатынына назар аударды. Екінші , үшінші курстардан бастап газет және телеарна редакциясында тәжірибе өтетінін және Астана мен Алматыға, басқа да ірі қалаларға барып тәжірибеден өтуге болатынын тілге тиек етті. «Журналист» мамандығына талапкерлердің, ҰБТ-да қазақ тілі мен Қазақстан тарихынан алған бағаларының қосындысы есептелінетінін , оған қоса университеттің өзіне келіп,ессе және ауысша сынақтан өтетінін және көп ұпай жинаса , грант иегері болуға болатынын айтты. Петропавлда 2001 жылдан бері қазақ тілінде журналистер даярланғанын,қазірдің өзінде 100 –ге тарта журналист республика аймағында жемісті еңбек ететінін де айтып өтті.                                  Кездесу өте қызықты және мазмұнды өтті.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь