2018 жылдың 15 қарашасы күні 9-сынып оқушыларының ата-аналарымен қаламыздың төрт колледжінің өкілдерімен кездесу өтті. Алғашқы сөзді «Байкен Әшімов атындағы теміржол көлік колледжінің» оқытушысы Акышева Динара Жолбырқызы алды. Ол кісі колледждегі болған өзгерістер және жаңа ашылған факультеттермен таныстырып өтті. Екінші боп « Солтүстік Қазақстан кәсіптік –педагогикалық колледжінің» жауапты хатшысы Макина Әдия Ермұқанқызы колледждің тарихымен таныстыра келе , қандай мамандық таңдау керектігін тілге тиек етті. Аталмыш оқу орнына 9- сынып оқушылары , сынып жетекшілерімен , 12 қараша күні экскурсияға барып келген болатын. Оқушыларға колледждің материалдық-техникалық базасы өте ұнаған. «Петропавл машина жасау колледжінің» қазақ тілі пәнінің оқытушысы Садыкова Даметкен Тұрсынбайқызы, өзі жұмыс жасайтын колледжде, шәкіртақы 24 мыңға көтерілгенін және оқуға емтихансыз түсуге болатынын айтып өтті. «Гуманитарлық-техникалық колледжінің» оқытушысы Шаймергенова Қарлығаш Аманбайқызы ата-аналарды балаларын осы колледжге жіберулерін сұрады. Бұл колледждің басқалардан ең басты артықшылығы оқу бітірген түлектердің 80-85 пайызын жұмысқа орналастырамыз деп сендірді. Кездесу өте қызықты және мазмұнды өтті.
![]()
![]()
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау