Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Киелі жерлерге саяхат жасау – рухани жаңғыру бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды


    Қазақ мектеп-гимназиясында 6 қараша күні «Киелі жерлерге саяхат жасау – рухани жаңғыру бастауы» атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Дөңгелек үстел қонақтары: «Әжелер» мектебінің қажы апалары.
    Мектеп директоры  Бұлбұл Ахмадиқызының бастамасымен  мектебіміздің психологтары,  ұстаздары  Елбасымыздың  "Болашаққа бағдар -  Рухани жаңғыру"  бағдарламасы аясында түркі əлемінің астанасы болған, Ұлы дала елінің орта ғасырлық шаһары, кіші мекке саналатын Түркістан қаласына сапар шегіп, "Рухани жаңғыру - Ұлы дала елінің орта ғасырлық шаһары - Түркістанға саяхат" атты бағдарламамен Түркістан қаласына танымдық-экскурсияға барып қайтты. Экскурсияның басты мақсаты - елбасы Н.Ә.Назарбаевтың "Рухани жаңғыру" атты бағдарламасын қолдай отырып, атадан мұра, балаға аманат ретінде қалған, түркі әлемінің бүгінге дейінгі сақталып келе жатырған аса құнды тарихи ескерткіштерін, әрі мәдениетін келешек жас буынға ұғындыру. Ұйымдастырылған дөңгелек үстелдің де маңыздылығы осы іссапар мақсатынан алынып отыр. Дөңгелек үстел барысында іссапарда болып келген психологтарымыз, ұстаздарымыз, оқушыларымыз ой бөлісті. Өз кезегінде келген қонақтарымыз, ҚАЖЫ апаларымыз оқушыларға тілектерін, өсиеттерін насихаттады.


  



  

 


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь