25 қазан күні С. Шәймерденов атындағы қалалық классикалық гимназияның 22 жылдығына орай «Ақ ордам — киелі білім ошағы» атты Ашық есік күні өтті. Мақсаты: отбасылық қауымды мектепке белсене араласуға тарту. Ата-аналар үшін «Гимназия: кеше, бүгін, ертең» макеттер көрмесі, «Сүйікті гимназияма — 22 жыл» атты салтанатты жиын, бастауыш сыныптарда ашық тәрбие сағаттары, 5-7 сыныптарда сурет салу сайысы, ата-аналар, оқушылар, мұғалімдер арасында «Гимназия чемпионы» эстафетасы жоспарлы түрде өтті. Іс-шаралардың соңы оқушылар мен мұғалімдердің гимназия алаңында флешмоб билеп, шар ұшыруымен аяқталды.