«XXI ғасыр көшбасшысы»
2018 жылдың 17 қазанында 8 сыныптар арасында «XXI ғасыр көшбасшысы» атты интеллектуалды ойыны өтті. Бұл сайыс оқушылардың мектеп қабырғасы мен өмірдегі алып жатан білімдерін тексерді.
1-тур «Бәйге» деп аталды, мұнда оушыларға әрбір пәнге байланысты шектеулі уақытта сұрақтар қойылды, әрбір дұрыс жауап үшін 100 балл деп есептелінді. Бұл сайыстың келесі туры «Жорға». Яғни, бұл тур «Логика әлемі», «Спорт», «Музыка», «Қала», «Тарих қойнауында» деген тақырыптарға бөлінді. Осы кезеңде оқушылар өздеріне ұнаған тақырыптарын және 100-ден 500-ге дейін баллдары бар ұяшықтарды таңдады. Егер оқушы дұрыс жауап берсе, балл берілді, әйтпесе қате жауап бергенде немесе жауабы болмаған жағдайда кезек қарсыластарға берілді. Осы сайыста «жүзден жүйрік, мыңнан тұлпар» боп 8 «Ә» сынып оқушысы Қалел Мөлдір атанды. Екінші орынды 8 «В» оқушысы Исенова Диляра, 3-орынды 8 «Б» Галимжанов Адил және алғыс хатпен 8 «А» сыныбының оқушысы Сарыбай Султан иеленді. Шараны өткізген: Амантаев Н.А.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер