Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

«Мәліметтер қорының негізгі түсініктері»


   11 «А» сыныбында информатика пәнінен «Мәліметтер қорының негізгі түсініктері.» тақырыбында ашық сабақ өтті. Сабақтың мақсаты: Мәліметтер қорының негізгі ұғымдарын енгізу, мәліметтер қоры мен МҚБЖ туралы жалпы түсінік беру, иерархиялық, желілік, реляциялық қорының құрылымдылық элементтерін енгізу.  Сабақ әдеттегідей ынтымақтастық атмосферасын қалыптастырумен басталды. Сабақтын бірінші бөлігінде оқушылар үш топқа жұмыс атқарды. Сабақ басында оқушылардың бойында ой қозғау үшін кесте парақтарды жіктеуге тапсырма ұсынылды. Білім алушылар парақтағы ақпарат мазмұнына байланысты жіктеп, әр ақпараттар тобының атауын берді. Тапсырма негізінде қажетті ақпаратты іздеу және қолдану үшін оларды қаңдай да бір реттелген күйін жинау және сақтау ыңғайлы екеніне қорытынды жасады. Одан кейін ақрапатты реттеу түрлерімен танысып, ең тиімдісін таңдады.  Ақпаратты реттеудің реляциялық түрін бекіту мақсатында жұптасып тәжірибелік тапсырмаларды орындады. Өзара тақырып бойынша білімдерімен бөлісті. Сабақ соныңда әр оқушы парақта  өзін-өзі бағалауды орындады және кері байланыс жасады. Сабақтың сәтті жақтары: оқушылар жаппай барлығы қатысты, топтық, жұптық жұмыс істеді, тақырып бойынша білімдерін кеңейтті. Реляциялық мәліметтер қорын құрды, өзін-өзі бағалады. Сабақта оқушылар белсенді жұмыс атқарып, қойылған мақсатқа қол жеткізді. Мұғалім: Хусаинова Г.З.




   




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь