2018 жылдың 18 қазан күні 5-7 сынып оқушылары аралығында "Алтын күз" атты сайыс өтті. Оқушылар өздерін таныстырып, үй жұмысына күзге байланысты модель жасап, жұмбақ, мақал-мәтелдер айтып, ертегіден көрініс көрсетті. Сонымен қатар оқушылар би билеп, күй ойнап, әзілдерін көрсетіп, өз өнерлерін барша көрермендерге паш етті.