Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

"Соңғы қоңырау" салтанатты жиыны

  25 мамырда Кішкенекөл қазақ мектеп-гимназиясында  «Сыңғырла, соңғы қоңырау!» атты салтанатты жиын өтті. Қимастық сезімде толқыған түлектермен бірге, ұстаздар мен ата-аналар да толқынысты қуаныш құшағында болды. Мектеп бітіргелі тұрған түлектер сынып жетекшілерімен бірге ортаға шықты. Еліміздің мемлекеттік Әнұраны орындалып, жүргізушілер салтанатты шараның мәртебелі қонақтарын жиналғандарға таныстырды.Мектебіміздің қадірлі қонақтарының бірі Б.Х Кадиров болды. Алғашқы сөз кезегін алған
Б.Х.Кадиров түлектерді құттықтады. Мектеп директоры Е.К.Каментиков соңғы қоңырау салтанатымен жиылғандарды құттықтап, үздік оқушыларды мақтау қағаздарымен марапаттады, бітіруші түлектерге сәттілік тіледі. Мектеп бітірушілердің сынып жетекшісі Х.Р.Валиева  шәкірттеріне жылы лебізін білдіріп, ақ жол тіледі.  Салтанатты жиын барысында мектеп бүлдіршіндері түлектерге құттықтауларын айтып, сыйлықтарын тарту етті. Түлектер жүрекжарды тілектерін жеткізген соң, дәстүр бойынша «Қоштасу вальсін» биледі. 
Ата-аналар атынан А.Нурушкина мектеп қабырғасынан үлкен өмірге аяқ басқалы тұрған шәкірттерге аналық тілегін жеткізді. 

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь