Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Оқу жылының аяқталуы бойынша салтанатты жиындар.

Міне тағы да кезекті мектеп жылы өте шықты. Мектепте «Соңғы қоңырау » мерекесіне арналған  салтанатты линейкалар өтті.  Онда оқу озаттарын құттықтады және оқу жылы ағымында шығармашылық конкурстарға, пәндік олимпиадаларға, спорттық жарыстарға белсенді қатысқан оқушыларды құттықтады. Ең белсенді оқушылар грамоталар және дипломдармен марапатталды. Қамқоршылық кеңесінің мүшелері - Баранова Елена Владимировна және Исимбаева Гульнара Шагаевна «Жыл оқушысы -2018 » мектептік конкурстың қорытындысын шығарды. Аталған конкурс жеңімпаздары: «Ең ақылды» номинациясы бойынша  - Каримов Владимир 6 «Г» сынып және  Шахтарина Полина 10 «А» сынып; «Ең шығармашыл» - Райцинова Валерия 6 «Г» сынып және  Горлова Анна 11 «А» сынып, «Ең спортшы» Сагденова Меруерт 6 «Ә» сынып, Семыкин Никита 8 «В» сынып. Балаларға он мың теңге көлемінде сыйақы берілді.  

Сондай-ақ ҚК мектептің қоғамдық өміріне белсене қатысқан оқушыларға грамоталар мен  үш мың теңгеден сыйақы берілді. Олар: Луценко Александр 11Б, Разумов Родион 11А, Родионов Илья 10Б, Бурковская Валерия 10А, Бородина Дарья 10А, Потапова Дарья 9В.

Дәстүр бойынша бірінші және екінші ауысымның ең үздік сыныптарына  тәтті бәліш сыйлады. Төменгі сыныптарда ең үздік сыныптар - 4 «А» сынып және  2 «Б» сынып,  орта буында  - 6 «Ә» сынып және  6 «Г» сынып,  жоғары сыныптарда  - 8 «В» сынып.

Мектеп оқушыларын жазғы каникул күтіп тұр: велосипед және роликтер тебу, жазғы сауықтыру  лагерлеріне бару, су қоймаларында суға түсу, орманға серуен.

Табысты демалыс пен техника қауіпсіздігі ережелерін сақтау бойынша оқушылар алдында Азаматтық қорғау аға лейтенанты ТЖБ инженері Мархолюк Никита Сергеевич сөйледі, оның көмекшілері  Кёкушинкай каратэ бойынша команда балалары төтенше жағдай кезінде өз денсаулығын сақтап қалу бойынша көріністер көрсетті.

Барлық балаларға емтихандарды табысты тапсыру және жазғы каникулды қызықты өткізуді тілейміз!














Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь