Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

7 және 9-мамыр мерекелері қарсаңына орай 2 «Ә» сынып оқушыларының дайындауымен ардагерлер мен болашақ Отан қорғаушы ұлдар мен олардың ата, әке, аға, інілерін құттықтап «Ел ертеңі-бүгінгі жас ұландар» атты ертеңгілік өтті


Ертеңгілікте оқушылар Отан, Жеңіс күніне арналған өлеңдер оқып, әр бала өз өнерін ортаға салып белсене қатысы. Ұлдар «Сапқа тұр» әнін де тамаша орындап болашақта Отанымыздың нағыз қорғаушылары болатынын ән арқылы жеткізе білді. Қыздаран құралған әншілер тобы да әкелерін мерекемен құттықтап өз лебіздерін «Әкетайым» әнімен жеткізді. Мектебімізде «Өнер» орталығының би үйірмесіне баратын ұлдар мен қыздар «Қазақ жігіттері», «Пролог» биімен ата-аналарын, келген қонақтарды өнерлерімен тәнті етті. Ертеңгілікте өлең, ән, бимен қатар түрлі «Жаралы жауынгер», «Миналы алаң», «Мерген» ойындарына ата-аналар да, аталар мен әкелер, ағалар белсене қатысып көңіл көтеріп, өз бақтарын сынады. Ертеңгілік өте жоғары деңгейде өтті, оған дәлел ардагерлер мен ата-аналардың жайдары көңіл күйлері мен алғыстары дәлел бола алады. Аналар да белсене қатысып, ер азаматтарды құттықтап музыкалық сәлемдеме арнады. Ертеңгілік соңы Отанымзыда әрқашан тыныштық пен бейбіт өмір болсын деген тілекпен «Ақ көгершін» әнімен аяқталды. 7  және 9-мамыр мерекелеріне арналған ертеңгілік көпке дейін есте қалатынына сенімдімін.
                                  
Сынып жетекші Кайсенова Айнур Сабитовна.

 

 







Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь