Қазақстан жазушылар одағының мүшесі, көрнекті ақын Мүтәлләп Қанғожиннің туғанына 80 жыл толуына орай «Туған жер» бағдарламасы аясында ақынның шығармашылығы мен өмірін жас ұрпаққа таныстыру мақсатында «№23 мектеп» КММ бірқатар іс-шаралар атқарылды. 2018 жылдың 29 қаңтарында кітапханашы Л.В.Пирожкова 4 «в» сынып оқушыларымен «Ақынның мерейтойы» атты тақырыптық көрме ұйымдастырып ақынның шығармашылығымен, кітаптары жайлы айтып берді. Оқушылыр аса қызығушылықпен тыңдап ақынның балалық шағы туралы өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.Оқушылар көрмеден үлкен әсер алды. «Жерлес ақын М.Қанғожиннің өмірбаяны мен шығармашылығы» атты шолу сабақты қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі С.Н.Асаинова 8 «в» сыныбында өткізсе, 9 сыныптар арасында М.Қанғожиннің «Қызылжарым – қымбаттым» шығармасы бойынша қазақ тілі және әдебиет мұғалімі Г.Қ.Жұмабаева дәріс берді. Оқушылар жерлес ақын ағамыздың өлеңдерін оқып өз ойларымен бөлісті.