2018 жылдың 21 наурызы күні «№23 орта мектеп» КММ қызметкерлерінің күшімен дайындалған Ш.Уәлиханов көшесі 19 үйдің ауласында «Қош келдің әз Наурыз» мерекесі кеңінен аталып өтілді. Мерекелік іс-шара мектеп директоры Н.С.Кожинаның аула тұрғындарын құттықтауымен басталды. Жәрмеңке өткізіліп, қол өнер бұйымдары қойылды. Мерекелік концертте оқушылар қазақтың ұлттық биі Қара Жорғаны билеп ән шырқап аула тұрғындарының көңілін көтерді. Шарада спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Тегін Наурыз көже бауырсақ ұйымдастырылып аула тұрғындарына таратылды. Шара аяғында аула тұрғындарының атынан КСК төрайымы Г.М.Зеленая мектеп ұжымына алғысын білдірді.