Мектепішілік ғылыми жобалар сайысы
Мамыр айында мектепішілік ғылыми жобалар сайысына 1 «А» сынып оқушысы Қайса Жансая қатысты. Жобаның тақырыбы: «Ұялы телефонның сырлары»
Зерттеу жобасының мақсаты: ұялы телефонның артықшылығы мен кемшілігін анықтап, оқушыларға ұялы телефонның зиянды әсерінен қорғану тәсілдерін үйрету. Мақсатқа жету үшін тәрбие сағаттары өткізіліп, оқушыларға жаднама даярланған.
Зерттеу өзектілігіне сәйкес 1 сынып параллельдері арасында сауалнама жүргізілді.Салыстырмалар кестелер мен диаграммалар түрінде көрсетілді.
Қазір әлемде ұялы телефондардың қолданыс аясы өзінің байланыс орнату шегінен асып кетті. Телефондар өмірдің барлық саласында қолданылуда. Сондықтан да, ғылыми жобада ұялы телефонның артықшылығы мен кемшіліктері тізбектеле көрсетілген. Ғылыми жоба талапқа сай рәсімделген. Жоба тақырыбы оқушылардың жас ерекшелігі мен танымына сәйкес келеді.
Оқу жылының соңында жобаға қатысқаны үшін алғыс хатпен марапатталды.
Келесі оқу жылында қалалық ғылыми жобалар сайысына жолдама алды. Жансаяға ,сәттілік тілеймін!
Жоба жетекшісі: Сексенбаева Жанаржан Дулатовна.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер