Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Қазақ мектеп – гимназиясы шаңырағында облыстық Мағжан және Абай оқулары өтті




            Қазақ мектеп – гимназиясы шаңырағында облыстық Мағжан және Абай оқулары өтті. 100 – ден астам ұл мен қыздың басын қосқан әдеби байқау, ақиық ақын Мағжан Жұмабаевтың 125 жылдығына орай, сондай–ақ мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеру мақсатында ұйымдастырылды.

          Облыстық Мағжан оқулары дәстүрлі. Дегенмен,  биылғы әдеби байқауға Абай оқулары да қосылып отыр. Сайыс «Жүзден жүйрік», «Ұлылар әлемі» және «Өлең -  менің Шолпаным, Айым, күнім», «Өлең – сөздің патшасы, сөз сарасы» деп аталатын үш кезеңнен тұрды. Мақсат жас ұрпаққа  ұлтымыздың Абай мен Мағжан сынды жалындаған ақындарының рухани мұрасын, өшпес жырларын жіті таныстырып, олардың шығармашылығына деген қызығушылықтарын арттыру болып табылады.

    Біздің мектебімізден облыстық кезеңге өткен оқушылардың үшеуі жүлделі орындарға ие болды. Атап айтар болсақ:

  1. Қанағат Қарлығаш - «Ұлылар әлемі» номинациясының жеңімпазы, І дәрежелі диплом иегері
  2. Жайлаубай Ақжан - «Жүзден жүйрік» номинациясының жеңімпазы, ІІІ дәрежелі диплом
  3. Боғдат Бекзат - Ерекше көзге түсіп, белсенділік танытқаны үшін білім басқармасының грамотасымен марапатталды.

Жеңімпаздарды дайындаған қазақ тілі мен әдебиеті пәндерінің мұғалімдері: Байтенова Г.Ж., Садвакасова М.У., Каскирбаева Ж.К.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь