19 наурыз күні Ж.Тәшенов атындағы № 20 орта мектебінің бастауыш буынында «Армысың, әз наурыз!» тақырыбында наурыз мерекесі аталып өтілді. Наурыз мерекесінде бастауыш сынып оқушылары жақсы дайындықпен келді. Оқушылар халқымыздың ұлттық киімдерін киді.Сахна ұлттық нақышта безендірілді. Мерекені дайындық сынып оқушысы Саматила Маржан «Наурыз көктем» әнімен бастады. Ақ жаулықты аналарымыз шашу шашып, мерекеге келген қонақтарға наурыз көжесінен дәм татыртты. Атпен шауып келген жарапазаншылар жарапазан айтты. Қыдыр ата жиналған қауымға батасын берді. 2 сынып оқушылары «Күн мен түннің теңелуіне» байланысты көрініс көрсетті.Наурыз кәделерінің бірі наурыз айтысын 4- сынып оқушылары Мұхамедрахимова Дарина мен Мұхамедрахимов Берік ұл мен қыз айтысын нақышына келтіріп айтысып тыңдаушыларын тамсандырды. 2 – сынып оқушылары «Теңге алу», ал 3- сынып оқушылары «Аударыспақ» ойынын көрсетті. 3-сынып оқушысы Қоныспай Айым мерекені өзінің әдемі биімен аяқтады.




Жаңалықты мекеменің сайтында қарау