Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Облыстық қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдерінің зертхана отырысы

    2018 жылдың 16 наурыз күні «Парасат» мектеп - лицейінде облыстық қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімдеріне арналған зертхана отырысы өтті. Зертхана отырысының тақырыбы: «Орта білім мазмұнын жаңарту аясында оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер». Білім беру мазмұнын жаңартудағы мұғалімдердің кәсіби құзіреттілігін арттыру мақсаты көзделді. Бұл мақсатты жүзеге асыру үшін ұйымдастырылған оқу қызметі арқылы тәжірибе алмасу, тиімді әдіс-тәсілдерді қолдану арқылы сапалы нәтижеге қол жеткізу, тиімді кері байланыс беру, пікір алмасу, қорытындылау міндеттері жүзеге асырылды. Зертхана отырысына облыстың үздік деген 23 қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері және әдістемелік жұмыс және ақпараттық технологиялар орталығының үш әдіскері қатысты. Отырыста мектебіміздің жаңартылған білім беру мазмұны бойынша қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері сабақ көрсетті.
    2-сынып бойынша  Кургунбаева Зауре Тургуновна қазақ тілі сабағында оқушылармен бірлесе отырып, қалыптастқан дағдыларын жоғарғы тұрғыдан көрсетті. 5-сынып бойынша қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Құлатаева Анар Жақсылыққызы өз оқушыларының қазіргі заманға сай білім алып жатқандығын ақпараттық технологияларды өте жіті қолдана отырып көрсетсе, ал Абдульманова Сагила Акановна 7-сынып оқушыларымен саралап оқуды егжей-тегжейлі көрсетті. Әрине, мұндай сабақтарға жету жолдарының бір бөлігі, сабақ өткізуге арналған критерийлердің сақталуы. Зертхана отырысының ең негізгі бір басымдығы төрт талаптың орындалуы, яғни сабақтың жоспары, мұғалім әрекеті, оқушы әрекеті, сабақ кезеңіндегі қалыптастырушы бағалау түрлері барлығы бірін-бірі толықтырып тұратын талаптар.
Көрсетілген сабақтар сүзгіден өткен шыңдай болып, жоғарғы ұпайға ие болды.











Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь