Директордың мемлекеттік тіл мәселелері жөніндегі орынбасары А.Қ.Ибраева семинар тақырыбы бойынша баяндама оқып, семинар барысында өтетін ашық сабақтар, тренинг, сыныптан тыс іс-шараға қатысу туралы бағдарламамен таныстырды.
2,5,7-сыныптарда ашық сабақтар жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде жүргізілді. 3,8,10-сыныптар мұғалімдері өз сабақтарында оқушылардың шығармашылық қабілеттерінің дамуын көрсете алды.
Семинар «Қош келдің – Әз Наурызым!» атты мерекелік концертпен жалғасып, рефлексиямен аяқталды.
Семинар жоғары деңгейде өткізілді деген баға берілді.
Жаңалықты мекеменің сайтында қарау