Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Рахмет сіздерге акциясы

Бексейіт орта мектебінде «Рахмет сіздерге!» атты  акция аясында демеушілермен кездесу  кеші өткізілді.Бұл шараға тұрақты демеушілеріміз «Мәмбетов және К» серіктестігінің  директоры Жүнісов А.Н, бас  агрономы Сауытбаев Б.С, ардагер ұстаз Есмұқанов С.К қонақ ретінде шақырылды. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында ұйымдастырылған кездесудің мақсаты  келешек ұрпақ қамын ойлап, ұдайы мектебімізге көмек көрсететін демеушілерге алғыс білдіру, олардың еңбектерін шәкірттерімізге үлгі- өнеге ету болатын.

Кездесу барысында демеушілердің өмірбаяны, еңбек  жолы айтылды, өз тарапынан елге еңбегі сіңген ағалар оқушыларға ақыл-кеңестерін айтты.

Кездесудің екінші бөлімінде демеушілерге концерт қойдық, өнерпаз өрендеріміз ағаларына арнап өлең оқыды, күмбірлеген күй тартып,мың бұрала би биледі,  әсем әндер шырқады, сөйтіп, қонақтардың ризашылығына бөленді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь