Қазақтарға дәстүрлі қонақжайлылық қасиет ежелден тән. Олардың бұл қасиеті көптеген ғасырлар барысында қалыптасқан.Алғыс айту күнін мерекелеудің жаңа дәстүрі «Мәңгілік Ел» бірлігін ортақ тарих және тарихи сана негізінде нығайту мен дамытудың мән-мәтінінде қазақстандық құндылықтарды бейнелейді.
Алғыс айту күні – ең алдымен елімізде тыныштық пен үндестік, өзара сенімділік пен барлық қазақстандықтарға деген құрметтің орнығуына негіз болған Президенттің бейбітшілік пен келісім саясатының салтанаты күні.
М.Әуезов шығармаларында қазақы алғыстың мынадай түрлері айтылады: Алдыңнан жарылқасын; амандық шаттықпен көрісуге жазсын; көрісуге күн жақсы болсын; қадамың құтты болсын; қайырлы болсын; қайыры бірге болсын; қосағыңмен қоса ағар; байлар көбейсін; құдай көңіліңді өсірсін; құсың құтты болсын; қызығың ұзақ болсын; ойнар көбейсін; осы бетіңнен жарылқасын; өмір жасың ұзақ болсын; от анасын жарылқасын; өркенің өссін; садағаң келсін; сауық молайсын; сақтай гөр терістен; тие берсін; тілектерің тап болсын; тілеуің берсін; ұзағынан сүйіндір.
«Бауырсақ fest» фестиваліне ата - аналар қауымы 10 астам бауырсақ түрін даярлап, педагогикалық ұжымына және оқушыларға өз алғыстарын білдірді.
Құрметті Ата - аналар қауымына Алғысымызды білдіреміз.
"Алғыс білдіру ағашына " жиналған қонақтар Отанға, Ата-анаға, Халыққа, Отбасына, Өміріне және Әр күніне алғыстарын білдірді.
«Рахмет, Рахмет саған Туған жер! Туған Еліме , Халқыма бейбітшілік пен келісім тілеймін! Болашағымыз жарқын болсын!»

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау