Меню KDT
kz ru en

ЕДИНЫЙ ОБРАЗОВАТЕЛЬНЫЙ ПОРТАЛ 
OTANBILIM.KZ

block1_eop.jpg?_=1543382435

Центр методической работы и информационных технологий в сфере образования

Социально-деловая среда Agartu

Адресс

Дворец школьников

Барлық жаңалықтар

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күн

Бірлік негізгі мектебі  КММ

Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күніне арналған конференция

        

Әлемнің әміршісі-еңбек. Еңбек қана қиындықты жеңіп, соның жемісін көрмек. Елбасымыз Н.Назарбаев баршамызды ел игілігі жолындағы еңбекке шақырып, «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы  дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауында еңбек шешуші ұлттық фактор екенін ұғындырып, айтып өтті.

Әлемде 2009 жылдан бері  Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні аталып  келеді. Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттілік күні 20 ақпанда пайда болуына 1995 жылдың наурызында Копенгагенде жоғары деңгейде өткен бүкіләлемдік кездесу түрткі болды.  Онда қазіргі қоғамдық әлеуметтік дамыту міндеттері жария етілді.

Осыған орай 20 ақпан күні КММ Бірлік негізгі мектебінде Дүниежүзілік әлеуметтік әділеттік күніне арналған кәсіподақ ұйымының ұйымдастыруымен дөңгелек үстел отырысы өтті.Отырысты кәсіподақ ұйымының төрайымы Касымова Кулянда Букановна ашып,бұл күннің аталып өтілуі туралы айтып, қазіргі кездегі басты мәселе-әр қазақстандыққа қамқорлық көрсету және бұл қажеттілікте еліміздің барлық азаматтарының өмірі мен күн сайынғы өзіне-өзі сезінулері тәуелді екендігін баяндап өтті.

Осы отырыста мектеп директоры С.Е.Бейсенбаев сөз сөйлеп,барлық адамдар үшңн әлеуметтік жайлы жағдай мен әділеттілікті іске асыру принциптерін қолдайтыны жайлы айтты.Дөңгелек үстел отырысында қызметкерлерге жаңа ғасыр жағдайында, «Қазақстан қоғамы қандай болу керек?» деген сұрақ қойылып,әрқайсысы өз ойларын ортаға салып,барынша сұраққа жауап берді.Міне,осындай қызу тартыста бір-бірінің пікірлерін тыңдап,бір-бірінің пікірлерін тыңдап,ойларымен санасып, еңбекпен толық қамтамасыз ету, лайықты жұмыс жасау, ерлер мен әйелдер теңдігін сақтау сияқты мәселелерді қозғап өтті.

Қорыта айтқанда,қазір қазақстандықтардың өмір қалыптары тұрақты жоғарылауда.Қазақстанның әрбір азаматы өз құқығын,еліміздің тұрақтылық жағдайын,жұмысының игілікті жемістерін тиімді пайдаланып келеді.

 Әлемдік әлеуметтік әділеттілік күні аясында еңбек талаптарын, жұмыс орындары, жалақының сақталуы бойынша  өткізілген дөңгелек үстел тартымды өткізілді.


Жаңалықты мекеменің сайтында қарау

Жаңалықтар тізіміне көшу

Пікірлер


Чтобы оставлять комментарии авторизуйтесь