«№26 мектеп-балабақша»КММ мектептің психолог мұғалімі Абдрахманова Жанар Байкеновнаның ұйымдастыруымен «Әже тәрбиесінен үлгі ету» атты әжелер сайысы өткізілді.
Сайыс барысынада «Тегін білу - тектілік» атты кезеңінде өздерің таныстырып өтті. Қазақтың ұлттық салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын көрсетті.
«Сыр - сандық» сұрақ-жауап сайысында білімдерімен сайысты. «Өнер» сайысы мен «Дәм - думан» сайысыда өнерлерін ортаға салды.
Ақ сүт берген аналардың анасы – әже әрқашанда балалық балдәуреннің басы- қасында болатын ақылшы, тәрбиелеуші. Әжелер өнері, әжелер мектебі, олардың өнегесі –бүгінгі қоғамда баға жетпес байлық, бойға тереңнен сіңіретін тәрбие құралы.
«Жан жүрегім, жарығым» деп әже немересін, шөбересін жүрегіне теңейді, өмірден жиған барлық ғибратын бүлдіршінді тәрбиелеуге арнайды. Ата жолын қусын деп адал еңбекке, мейірімді болсын деп қайырымдылыққа баулиды. Әженің әңгімесі мен ертегісін тыңдау, өнегесін үйрену, ақылын жадында тоқу-ұрпақ міндеті. Ол киелі, қасиетті, ардақты жан екенін оқушылардың бойына сіңіре білдік.

Жаңалықты мекеменің сайтында қарау
Жаңалықтар тізіміне көшу
Пікірлер